Әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл - Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.
Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.
Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай, Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан күміс медаль иегерлері атанды.
Қазақстан құрамасының жетекшілері – Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов, International University of Information Technology синьор-лекторы Қуанышбай Айбар.
2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.
Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды.