21.06.2026 _ 09:03

Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Әкелер күні тойланады.

Қазақ халқының мәдениетінде әке – отбасының темірқазығы, ұрпаққа үлгі болатын құрметі биік тұлға. Өмірдегі алғашқы қадамдарын жасауды, жауапкершілікті сезінуді, қиындықтарды еңсеруді және өз күшіне сенуді бала әкеден үйренеді. Әкенің махаббаты, қамқорлығы, тәлім-тәрбиесі баланың тұлға болып қалыптасуында, отбасы құндылықтарының нығаюында және болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз!