Жиын барысында жұмыстың қазіргі жай-күйі қаралды. Жобаны жүзеге асыруды жеделдету және белгіленген мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау бойынша шаралар талқыланды.
Жоба елорданың ұзақмерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Ол 203 шақырым су құбырын, үш сорғы стансасын және тәулігіне 210 мың м³ су өндіретін №4 сорғы-сүзу стансасын салуды көздейді. Құрылысты аяқтау 2028 жылға жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру халық санының өсуін және су тұтынудың артуын ескере отырып, Астананы тұрақты сумен қамтамасыз етуге, қаланы сумен жабдықтаудың екінші көзін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етуді және барлық жоспарланған рәсімдерді барынша қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.