09.06.2026 _ 14:50

Бапкер қазақстандық спортшылардың эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатына дайындық туралы айтты

13-14 маусым аралығында Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогының III кезеңі мен Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет спорттың бұл түрінен құрлықтық біріншілікті қабылдағалы отыр. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астананың эстетикалық топтық гимнастикадан аға бапкері Зарина Давлетярова мәлімдегендей, командалардың турнирлерге дайындығы қаңтар айында басталған: спортшылар жарыс бағдарламаларын жаңартып, Әлем кубогының кезеңдерін қоса алғанда, халықаралық старттарға қатысып үлгерген.

«Біз кеше ғына Қазақстан Республикасының бас бапкері Жайлау Венера Жетпісбайқызының жетекшілігімен Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынынан келдік. Сондай-ақ осы жиын аясында республика чемпионаты өтіп, онда біздің командаларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Екі алтын, бір күміс және бір қола. Командалар үлкен тәжірибе мен дағды жинақтап, шыңдала түсті. Біз мәре сызығына нәтижелі жеттік деп ойлаймын», - деді ол.

Жалпы, жарысқа Беларусь, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Эстония, Жапония және Қазақстаннан келген ең мықты командалар қатысады.