Егіс науқанын даярлау және өткізу бағытындағы негізгі жұмыстардың бірі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету.
2026 жылға арналған тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тоннаны құрайды. Әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта 1,5 млн тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарттар жасалып, 1,3 млн тоннасы жөнелтілді.
Шаруаларды тыңайтқышпен қамтамасыз ету қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірлердің жергілікті бюджеттерінде 2026 жылға тыңайтқыш құнын субсидиялауға 56,3 млрд теңге қарастырылған.
Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар. Аграрларға үздіксіз техникалық қолдауды 70 сервистік орталық қамтамасыз етеді.