12.05.2026 _ 09:27

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды, ҚР Энергетика министрлігі.

Атап айтқанда:

  • Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;
  • Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;
  • Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.

Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:

  • автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);
  • дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).

Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.