22.03.2026 _ 09:02

Қазақстан халқы көктем мен жаңарудың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамын атап өтеді

Наурызнама аясында 22 наурыз – жыл басы саналады. Бұл күн жаңа кезеңнің басталуын, табиғаттың түлеуін және алға ұмтылысты білдіреді. Наурыз адамдарды жақындастырып, жүректерге жылу ұялатып, жарқын болашаққа сенім сыйлайды.

Жаңа жыл жақсылыққа, игі істер мен табыстарға толы болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, бақыт пен махаббат тілейміз!