Оның айтуынша, 9 жоба Ислам даму банкінің қаражаты есебінен іске асырылуда. Бүгінде 1 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, қалған жобаларды ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 635 шақырым каналдарды реконструкциялау көзделген, оның ішінде 2026 жылға дейін 600 шақырым каналдар аяқталды.
«Бұдан бөлек, 2025 жылы республиканың 3 өңірінде ИДЖЖ-2 бағдарламасы аясында суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша 8 жоба іске асырылды. Жыл қорытындысы бойынша 5 жоба аяқталды, қалған 3 жобаны толық аяқтау ағымдағы жылы жоспарлануда. Сонымен қатар ұзындығы 4,2 мың шақырым ирригациялық каналдарды реконструкциялау бойынша 183 жоба әзірленуде. Бүгінгі күні 55 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды», – деді вице-министр.
Су шаруашылығын дамытуға ауқымды инвестициялар тартудың маңыздылығын ескере отырып, 2025 жылы Министрлік тарапынан Ислам даму банкінен қаражат тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жоба екі транш арқылы іске асырылуда.
Бірінші транш шеңберінде 216 каналды реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша конкурс өткізілді. Бүгінде ауқымды мобилизация жүргізіліп, 150-ден астам техника бірлігі тартылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 су қоймасын салу және реконструкциялау бойынша мердігер ұйымдарды анықтауға конкурс рәсімдері жүргізілуде. Екінші транш бойынша жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар Министрлік пен Азия Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Есіл контрреттегішін салу жоспарлануда. Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінде жоба қолдау тапты.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банктен қаражат тарту арқылы Солтүстік Арал теңізінің көлемін ұлғайту және Арал–Сырдария бассейнінің су шаруашылығы инфрақұрылымын реконструкциялауды көздейді. Қазіргі уақытта жобаны үйлестіру кеңесінің қарауына шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске асыру мерзімі – 2026-2029 жж.
Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде қосымша 2,6 млрд текше метр еріген және тасқын суларын жинақтауға, 295 мың га жаңа суармалы жерді айналымға енгізуге, сондай-ақ ирригациялық каналдардағы су жоғалтуды 47%-дан 35%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.