02.02.2026 _ 09:09

2 ақпанда Қазақстанда Ұлттық басылым күні атап өтіледі

1913 жылы бұл күні қоғамдық ойдың маңызды алаңына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Бүгінгі таңда баспа БАҚ елдің ақпараттық кеңістігінде маңызды рөл атқарады. Олар байыпты аналитиканың, өзекті ақпараттың және қоғамдық процестерге кәсіби көзқарастың сенімді көзі болып қала береді. Журналистердің, шолушылардың, редакторлардың, беттеушілердің еңбегі – мәдени мұраны сақтауға, қоғамдық диалогты дамытуға және сөзге деген сенімді нығайтуға қосылған зор үлес.