05.12.2025 _ 09:11

Бүгін қазақстандық адвокаттар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

Қазақстанда 5 желтоқсан – Адвокатура күні. Бұл күні 1997 жылы елімізде «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, егемен Қазақстан тарихында алғаш рет адвокаттардың жұмысын реттейтін құқықтық негіздер бекітілді.

Адвокат – жай заңгер емес. Ол – қоғам мүддесін қорғайтын, құқықтарды қалпына келтіретін, ең қиын өмірлік жағдайларда көмектесетін маман. Адвокаттардың еңбегі жоғары біліктілікті, объективтілік пен заңды терең түсінуді талап етеді. 

Мереке құтты болсын!