19.09.2025 _ 19:07

Президент қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.