05.10.2022 _ 15:00

«Жаным қазақ!» - Қазақстаннан «Junior Eurovision 2022» байқауына қатысатын Дэвид Чарлин жерлестерінен қолдау күтуде

«Junior Eurovision 2022» байқауына Қазақстанның атынан қатысатын Дэвид Чарлин ән айтумен үш жылдан бері айналысып келеді, ал кәсіби түрде бір жылдай. Бұл белсенді және сәтті кезең болды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ол балалар Евровидениесіне қатысу ең алдымен жауапкершілік деп мәлімдеді.

«Дайындық жақсы жүріп жатыр. Ән жазылуда. Бір айдың ішінде ол әнге клип түсіреміз. Әрине, толқу да бар, өйткені маған үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірақ, мен бірінші кезекте барлық көрермендердің, сондай-ақ маған сеніп артып, мені балалар Евровидениесінде Қазақстанның намысын қорғауға лайық деп санаған тұлғалардың үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Менің ұлтым армян, бірақ жаным қазақ. Әрине, мен барлық қазақтардың қолдауын күтемін!»,- деді жас талант.