23.09.2022 _ 12:00

Қазақстанда жоғары оқу орындары жанынан эндаумент-қорлары құрылады

Мемлекет басшысы Жолдауда берген тағы бір тапсырмасы эндаумент-қорларды құру. Бұл халықаралық практикада бар. Яғни, түлектер мен инвесторлар тарапынан жоғары оқу орнына қолдау көрсетіледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

«Еліміздің жоғары оқу орындарының эндаумент-қоры моделі екі жыл бұрын енгізіле бастады. Мысал ретінде Назарбаев университетінің, Республикалық физикалық-математикалық мектептің эндаумент-қорын т.с.с. келтіруге болады. Сондықтан «Қазақстан халқына» қорымен бірігіп, осы эндаумент-қорларының заңнамалық, халықаралық тәжірибесі сарапшылармен зерттелуде. Заңнамалық өзгерістер қажет, олар келесі жылдан бастап енгізіледі. ЖОО-лар енді тек қана мемлекет қаржысынан бөлек, жеке меншік инвесторлармен, ірі компаниялармен бірігіп, университеттің дамуына қосалқы қаржы жинақтап, халықаралық тәжірибедегі модельмен жұмыс істейді деп үміттенеміз», - деді министр.