23.09.2022 _ 12:10

Жатақханалар салу үшін жеке инвесторлар тартылады – Ғылым және жоғары білім министрі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында академиялық инфрақұрылымды дамыту және жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Биыл жатақханалар мәселесі кеңінен көтерілді. Қазақстанда соңғы рет кампус 1975 жылы салынған.

 «Бүгінгі таңда 104 жоғары оқу орнында 209 жатақхана бар, онда 101 мыңнан аса студент тұрады. Қосымша қажеттілік 87 мыңнан астам орынды құрайды. 2018 жылдан бастап жыл сайын 10 мың орыннан ашылуда. Бұл да аз. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі жеке меншік секторды шақыру. Еліміздегі ЖОО-лардың 30 пайызы Алматыда орналасқан. Ондағы студенттердің 70 пайызы сырттан келген балалар. Сондықтан Алматыда бұл мәселе өте күрделі. Кеше 50-ден астам құрылыс компаниясының өкілдерін, мердігерлерді жинап, жаңа тетіктерді қарастырып, ұсыныстарды пысықтады», - деді Саясат Нұрбек. 


Сонымен қатар келесі жылдан бастап ЖОО-лардың грант құнын өсіру жоспарланған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш негізгі мамандықтар бойынша 700 мың теңгенің шамасында.