16.08.2022 _ 11:10

Электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында бірқатар шаралар қабылданды - Энергетика министрлігі

Министрлік тұтынушыларды және ел экономикасын энергиямен сенімді жабдықтау бойынша шаралар қабылдауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді белгілеу туралы өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Спикер еліміздің электр энергетикасы саласы қолданыстағы активтерді жаңартуды қажет ететінін атап өтті. Қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары салынған.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларының қолда бар электр қуаты 19,1 ГВт, 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмыс электр қуаты 15,5 ГВт құрады. 2021 жылдың 7 айында электр энергиясын өндіру – 64,993 млрд. кВтсағ.  2022 жылдың 7 айында электр энергиясын тұтыну – 64,790 млрд кВтсағ. Электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі бірқатар шаралар қабылдады, оның ішінде «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 энергоблогы пайдалануға берілді; тапшылық кезінде майнинг фермаларына шектеу тетігі енгізілді»,- деді ведомство өкілі.