05.08.2022 _ 14:07

Логистика жүйесі жеткізудің жаңа алгоритміне көшті – Е.Исқалиев

Медициналық препараттар мен вакциналар логистикасы мәселесін жетілдіру стратегиялық маңызды болды. Дәрі-дәрмек төрт үлестіру хабынан әр өңірдегі операциялық қоймаларға бөлінеді. Логистика жүйесі жеткізудің жаңа алгоритміне көшіп, формат статикалық жүйеден динамикалық форматқа өзгертілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Исқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті тасымалдауға арналған қашықтықты төрт есеге қысқартып, жеткізілімнің жеделдігі мен уақтылығын күшейтілді. Форс-мажор жағдайында мұндай тәсіл жеткізілімнің бұзылу қаупін азайтады, жеткізілімнің әр буынының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.