29.06.2022 _ 14:10

СҚО: 2022 жылғы 5 айда өңір экономикасының өсімі - 3,3% құрады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Биылғы 5 айда облыс экономикасының өсімі - 3,3% құрады. 5300 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 10 мыңға жеткізілмек.

«5 жылда бюджет 2,2 есеге өсіп, 429 млрд теңгеге жетті. Жартысынан көбі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Аталған кезеңде облысқа 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Оның 87% жеке инвестициялар», - деді облыс басшысы.