05.06.2022 _ 17:30

Ең бастысы - референдум кезінде ғана емес, одан кейін де дәйекті болып, өз еліміз үшін жауапты болу - А. Мирманова

Ата-бабаларымыз аяқпен дауыс берді деуге болады. Әділетсіздік орын алса, олар кез келген уақытта басқарушыдан басқа жерге қоныс аударып кететін. Сонымен қатар гендерлік тепе-теңдік немесе демократия мәселелері болған жоқ. Себебі олар Батыс өркениетіне дейін шешіліп қойған. Көшпелі өркениет басқаша, бірақ әділетті болды. Орталық Азияның кәсіби саяси консультанттары қауымдастығының жетекшісі, тең авторы Ассоль Мирманова Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Демократия пионерлері: made in Euro» атты кітабында жарияланған өз зерттеулерімен бөлісті.

Оның айтуынша, әйелдер өз пікірлерін ерлермен тең дәрежеде білдіруге құқылы, өйткені олар ерлермен тең дәрежеде күрескен.  

«Шын мәнінде, біздің қанымызда демократия бар, біз кім екенімізді, өткенімізді еске түсіріп, оған оң көзқараспен қарауымыз керек: сырттан проблемалар, жауларды іздемеу керек, бірақ тарихымыздағы барлық нәрсені қабылдап, одан жақсы қорытынды шығарып, бізге әуелден жақын болған процестерді ілгерілетуіміз керек. Бүгінгі референдум - халқымызға таныс тікелей демократияның дәл осындай құралы. Сондықтан да мен елімізді ілгерілете алатынымызға, өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді демократиялық құралдардың көмегімен іске асыра алатынымызға сенімдімін. Ең бастысы - референдум кезінде ғана емес, одан кейін де дәйекті болып, өз еліміз үшін жауапты болу. Бұл ретте биліктің де, өзіміздің де босаңсып кетуіне жол беремуіміз керек. Осылайша, әлемдік саясаттың заманауи ережелерін алға қоятын талаптарға сай болып қана қоймай, бірегей болып қала береміз, өзімізді жоғалтпаймыз», - деп түйіндеді белсенді.