25.05.2022 _ 11:50

Тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттерде 11,8 млрд теңге қарастырылған

Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге (ақпан-маусым кезеңінде) 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау және сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды (АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін), бұл орташа алғанда 15% - ға арзан. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес аграршыларға отын жөнелту жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек хабарлады.
Тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттерде 11,8 млрд теңге қарастырылған

«Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше рет хабарлағанындай, Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы болды. Мұның себебі Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы болды. Тұқым бойынша СЭҚ ТН ұқсас коды болғандықтан, оларға да тыйым салынған. Бұл тұқымдар бізге сортты жаңарту және сортты ауыстыру үшін қажет екенін ескере отырып, мәселе премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтеріліп, нәтижесінде Ресей Федерациясының Үкіметі тұқымдарды әкетуге тыйым салуды алып тастап, оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қосымша 14 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын алуға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық аграршыларға дәнді дақылдар тұқымдарының келісімшарт жасалған партияларын алуға мүмкіндік беріп, сорттық әлеуетті күшейтті. Тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттерде 11,8 млрд.теңге көзделген», - деді спикер.