23.05.2022 _ 09:00

Дәрігерлер мен пойыз қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау маңызды компонент болып табылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік филиалдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының шалғай жатқан станцияларының тұрғындарын «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының келуі және жұмысы туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізді. Медициналық пойыздың қозғалыс кестесі шалғай станцияларда медициналық пункттердің болмауын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгербаев егжей-тегжейлі айтып берді.

Қор жобаны ұйымдастырушы болып табылады, сондай-ақ поездардың жұмысына, оларға техникалық қызмет көрсетуге, күтіп-ұстауға, жөндеуге және дизель отынын құю үшін жауапты. Сондай-ақ, Қор пойыздарды, жабдықтар мен персоналды күзетуді ұйымдастырады, дәрігерлер мен пойыз бригадаларын тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Жол бойы медициналық пойыз тұрақты байланыспен - телефондармен және Интернет желісімен қамтамасыз етілетін болады.

 
«Жылдан жылға пойыздың үздіксіз жұмысын пойыз бастығы бастаған пойыз бригадасы қамтамасыз етеді. Мамандандырылған медициналық пойыз көп бейінді мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін, сондай-ақ медициналық персоналдың тұруы үшін арнайы жабдықталған 8 вагоннан тұрады. Мейрамхана вагоны және дизель генераторы қарастырылған, ол қажет болған жағдайда төтенше жағдайда шағын елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Төрт вагон тек медициналық көмек қана көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін толық жабдықталған. Екі вагон медицина қызметкерлерінің демалуына бейімделген. Пойыз дәрігерлері мен қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау маңызды болып табылады, өйткені пойызда бірнеше ай тұруға және жұмыс істеуге тура келеді», - деп түйіндеді спикер.