26.04.2022 _ 15:36

Қасым-Жомарт Тоқаев: Конституция баптарының үштен біріне өзгертулер енгізіледі

Конституция баптарының үштен біріне өзгерістер енгізілетін болады. Бұл туралы «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде айтылды.

 

«Жұма күні мен Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелерімен айналысатын жұмыс тобының мүшелерімен кездестім. Бұл топ қысқа мерзімде көп жұмыс атқарды. Заңгер ғалымдар Конституция баптарының үштен біріне енгізілетін өзгерістер жобасын әзірледі. Осылайша біз өте жауапты және өте маңызды кезеңге өттік. Шын мәнінде, конституциялық реформа – тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезең. Мұның бәрі уақыт талаптары мен қоғамның қажеттіліктеріне байланысты. Біз жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер енгізуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Осы орайда Президент әркім өзінен бастауы тиіс екенін атап өтті. «Ең бастысы, бұл істермен нақты белгіленуі керек», - деді Мемлекет басшысы.