23.07.2021 _ 16:10

ДСМ: Ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы халықтың белсенділігіне байланысты

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды, вакцинация қарқынын ескерсек, ұжымдық иммунитет қашан қалыптасады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ДСМ өкілдері осындай сұраққа жауап берді. Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы халықтың белсенділігіне байланысты.
фото с сайта freepik.com

«Қазіргі кезде қолжетімді вакцина өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде. Мақсатымыз – елге көбірек вакцина әкеліп, адамдарды барынша қамтып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Бүгінде вирустың мутацияға ұшырауына орай, елімізде егілуге тиіс адамдардың 80 % вакцина салдырғанда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасып, инфекция толастауы мүмкін. Бұл 11 млн адам. Бұл медицина қызметкерлеріне ғана емес, халықтың белсенділігіне де байланысты. 2-3 айдың ішінде 10 млн адамды егуге болады», - деді вице-министр.