21.07.2021 _ 17:30

Қ.Әбдікәрімова: Рухияның жеңісі - еліміздің 30 жылдығына жасаған сыйы

Рухия Байдүкенова «Славян базары» фестивалінде 4 ұпай басымдықпен жеңіске жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл туралы «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.


«Мен 20 жылдан астам уақыт бойы осы «Славян базары» фестивалінің өкілімін. Әр жыл сайын жастарды апарамын. Әрине, уайымдаймын, олардың жақсы өнер көрсеткеніне қуанасың. Рухия 9 мың көрерменнің алдында 8-ші болып өнер көрсетті. Оркестрдің де көмегі тиді. Осының бәрі жеңіске жетеледі. Ол 4 балл басымдықпен жеңіске жетті. Бұл жақсы айырмашылық. Әрқайсысы сахнада өзін көрсете білуі керек. Бұл жеңіс – Рухияның еліміздің 30 жылдығына жасаған сыйы», - деді Қ.Әбдікәрімова. 


Спикер мәдениет және спорт министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.