21.07.2021 _ 17:10

«Славян базары-2021» жеңімпазы: үш жыл бойы іріктеуге қатыстым

Байқауға қатысуға іріктеуге үш рет бардым. Биыл ғана жұлдызым жанып, қазылар алқасы ел атынан өнер көрсетуге жолдама берді, - деді «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова. Әнші Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің шығармашылық жолы жайында баяндады.


«Вокалмен мектеп кезінен айналысамын. 4-сыныпта Талдықорған қаласында өнер мектебінде білім алдым. Әндерді көп жаттайтынмын. 15 жасымда Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне түстім. Қазір қазақ ұлттық өнер университетінің 3 курсын тәмамдадым. Әрине, байқауда қобалжу болды. бірақ мен әнімді халыққа жеткізуге тырыстым. Баршаңызға алғысымды білдіремін. Елімнің абыройын асқақтату менің міндетім деп санадым. Бұл менің ғана жеңісім емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі», - деді Р.Байдүкенова.