21.07.2021 _ 16:50

МСМ: «Славян базары» қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль

2015 жылы Димаш Құдайберген «Славян базары» фестивалінде гран-при иегері атанды, содан бері талай өнерпаздарымыз конкурста жүлдегер атануда. Байқауға Әділхан Макин, Луиза Нұрхатова және Дәурен Оразбековтер секілді өнерпаздар қатысты. Бүгінде осы жұлдыздардың барлығы қазақ өнері мен мәдениеті саласында қызмет етуде, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлім етті. Биыл «Славян базары» фестивалінде Рухия Байдүкенова гран-при иегері атанды.

«Рухияның жеңісі – үлкен жетістік, әрине бұл үлкен еңбектің, үлкен таланттың арқасында болатын дүние. Барша қазақстандықтарды жеңіспен құтықтаймын. Жалпы, Рухияны осы байқауға дайындаған ұстаздарға және ұймдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Рухияны жеңісімен құттықтады. Бұл үлкен мәртебе, сенім», - деді вице-министр. 


Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі алдағы уақытта жастарды қолдау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.   


Сонымен қатар, Н.Дәуешов Рухиямен бірге бірлескен жобаларды іске асыру, концерт, гастроль ұйымдастыру жұмыстары қолға алынатынын жеткізді.