19.07.2021 _ 16:10

Кәмелетке толмаған жеңімпаздармен тараптардың міндеттемелері көрсетілген шартқа қол қойылады - АҚДМ өтеусіз гранттар туралы

«Грант беру туралы» бекітілген Ережеге сәйкес конкурс жеңімпаздары уәкілетті органға өз құжаттарын ұсынады. Ақша арнайы банктік шотқа аударылады. Жеңістен кейінгі процес туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов баяндады. Конкурсқа 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдар қатысатындықтан кейбір нюанстар бар.

 
«Конкурс қорытындысы бойынша келісімшарт жасалады. Егер кәмелетке толмаған қатысушылар болса, тиісінше, белгіленген азаматтық кодекспен тараптардың міндеттемелері көрсетілетін болады. Грант жобаны іске асыруға ғана қарастырылған. Осы Шарт шеңберінде грант алушылар үш айда бір рет уәкілетті органға жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат, есеп жіберуге тиіс. Біз қалай жүзеге асырылатынына мониторинг жүргізетін боламыз. Кейбірі - бір жыл, кейбіреулері - қысқа мерзімді, бір-екі ай. Өтінімде міндетті бап болады - жоба шығыстарының сметасы. Басында грант алушының бұл қаражатты қайда жұмсағысы келетінін көретін боламыз. Барлық мәселелер алқалы түрде шешілетін болады. Себебі ғылым жобаларын мәдениетпен салыстыру қиын болады», - деп түсіндірді спикер. 


Айта кетейік, грант өтеусіз беріледі. Барлық жобаларды іске асыру, бірінші кезекте, түпкілікті өнімге бағдарлануы тиіс. Бұл жаңа дүниенің бастауы болар.