16.07.2021 _ 16:00

Спутник лайт ревакцинация үшін пайдаланылуы мүмкін - А. Есмағамбетова

Қазақстанда Спутник лайт вакцинасы уақытша тіркелді. Оның тиімділігі 80%, ал вакцинация кезінде қалыптасатын иммунитеттің ұзақтығы 6 айға дейін. Сипаттамаларды ескере отырып, вакцинаны екі жағдайда қолдануға болады – деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Спутник лайтты халықтың таңдауына қарай қолдану жоспарланған. Егер кімде-кім екі вакцина алып, қысқа уақытқа иммунитет қалыптастыруға келіссе, онда осы азаматтарға беріледі. Бүгінде ревакцинация туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ревакцинацияның қажеттілігі туралы айтқан жоқ. Егер жаңа зерттеу нәтижелері пайда болып, ревакцинация қажет болса, онда Спутник лайтты ревакцинация үшін қолдануға болады», - дейді сарапшы.