16.07.2021 _ 15:40

Соңғы 2 аптада барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың 2,3 есеге өскені байқалады - А. Есмағамбетова

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, пандемия басталғаннан бері КВИ-дің 189 миллионнан астам жағдайы тіркелді. Соңғы аптада ауырғандардың саны 2 есе көбейді (2 млн-нан 4 млн жағдайға дейін). 4 млн адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дельта штаммның бұл түрі әлемнің 111 елінде кең таралған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова осындай мәліметтерді келтірді.

Қазақстанда 16 шілдедегі жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 477 754 науқас және КВИ- 58 335 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 91%-ы сауығып шықты. 


«Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан 26 маусымнан бастап қызыл аймақта. Тәуекелі жоғары аймақта 13 өңір, 4 өңір сары және жасыл аймақтарда орналасқан. «Дельта штаммының» таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың 2,3 есеге өсуі байқалады. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 4,4 есе артты. Барлық өңірлерде эпидемиологиялық ахуалдың белгіленген критерийлерін ескере отырып, 1,5 жылдан бері қабылданып келе жатқан шектеу шаралары күшейтілуде», - деп атап өтті спикер. 


Ол ведомствоаралық комиссияның отырысында ең қауіпті төрт аймақта демалыс күні локдаун енгізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді.