09.07.2021 _ 16:20

Елімізде ұлттық алдын алу тетігі қамтитын мекемелер саны артты – ӘМ вице-министрі

Қоғамдық бақылау комиссиялары мен Ұлттық алдын алу тетігі түрмелерге кез келген уақытта барып, сотталғандармен сөйлесіп, шағым ала алады. 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін Ұлттық алдын алу тетігі қамтитын мекемелер саны 400-ден 3296-ға дейін ұлғайды, оның ішінде 80% - қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова хабарлады.

«2020 жылы Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар 500-ден аса мәрте барған, оның ішінде 476 – бұл жоспарлы алдын ала бару және 40 арнайы, яғни азаптау және басқа да адамгершілікке жатпайтын қатыгез қарау мен жазалау түрлері туралы шағымдар мен хабарламалар негізінде жүргізілген бару. 2021 жылы әйелдерді ішкі істер органдарының зорлық-зомбылығынан қорғау жөніндегі инспекторлардың саны 2 есеге ұлғайды. Тергеу бөлімшелерінде әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілерді мамандандыру енгізілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, 2022 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды аяқтау жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда.