09.07.2021 _ 14:10

ҚМ ЖОО-на қабылдау жүргізіліп жатыр

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау биыл 27 шілдеден 11 тамызға дейін жүргізіледі. Былтыр карантин шектеулеріне байланысты қабылдау қашықтан жүргізілді, ал биыл стандартты форматта өткізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Талғат Қалишев хабарлады.
иллюстративное фото с сайта astana.gov.kz


Жалпы, көптеген мамандар елімізде дайындалады. Тек тапшы мамандықтар бойынша ғана оқыту шет мемлекеттерде жүргізіледі. Оның ішінде қауіпсздік, гидрография, инженерлік, саперлік әскер мамандықтары, әуе шабуылына қарсы күрес мамандықтары және т.б. бар.

«Қазақстан азаматтары РФ, Беларусь, Армения, Қытай, Түркия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және т.б. елдерде білім алып жатыр. Олар ҚР ҚМ 22 шілдеде бекіткен №371 бұйрығы бойынша оқуға түсе алады. Әскери қызметшілерді шетелдік оқу орындарына қабылдау тамыз айында жүргізіледі», - деді департамент бастығы.