08.07.2021 _ 13:50

ХҚКО-дағы кері байланыс. 90 мыңға жуық пікір жиналды

Адамдардың көбі бұрынғыдай қызмет алу үшін ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Талдау көрсеткендей, 6 қызмет түрі қызмет алушылардың 75% - ын қамтиды. Өткен жылдың өзінде 4,8 млн азамат ЭЦҚ алуға келген, бұл барлық өтініштердің 30% - ы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді.
astana.gov.kz


Оның айтуынша, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп бұлтты ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл жоба оны алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. 


«Біз бұл шешім адамдарды онлайнға ауыстырудың кілті болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар, ХҚКО-дағы қызметтер мен сервистердің сапасын арттыру үшін биыл азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жинау, өңдеу жүйесі іске қосылды. ХҚКО жүгінгеннен кейін клиент QR-кодты сканерлеу арқылы пікір қалдыра алады немесе қызметті алғаннан кейін SMS арқылы қысқа сауалнамадан өтеді. Қазірдің өзінде 89 мыңға жуық пікір жиналды. 1 шілдеден бастап  азаматтардың теріс пікірлері бойынша кері қоңыраулар жасалуда. Бұл қоңыраулар клиенттердің наразылығының себептерін анықтауға және оларды тез жоюға мүмкіндік береді. Бірде-бір теріс пікір назардан тыс қалмайды», - деп сендірді корпорация өкілі.