18.06.2021 _ 12:40

35 мың ақмолалыққа «көгілдір отын» беріледі

Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандыру жұмыстары жалғасуда. Ауылдық жерлерде 35 мыңнан астам адам «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ақмола облысының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

«Сонымен қатар, 100 мыңнан астам тұрғыны бар Целиноград ауданының тағы 8 елді мекенін газдандыру бойынша жобалық құжаттама әзірленуде. 2-ші кезек бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылы кезең-кезеңімен аяқталады. Газдандыру мәселесі облыс әкімдігінің ерекше бақылауында», - деді Ермек Маржықпаев.