18.06.2021 _ 11:40

Даму драйвері. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңге тартылды - Ақмола облысының әкімі

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген бағыттары бойынша жоспарлы индикаторлар орындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.


«Біздің мақсатымыз - әртараптандырылған және технологиялық экономика құру. Облыс дәстүрлі аграрлық бағыттан агро-индустриялық бағытқа біртіндеп көшуде, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82% - ға жетті. Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсуі болды. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, өсім 17%», - деді аймақ басшысы. 


Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2025» және «Еңбек» бағдарламаларының шеңберінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі. 8,5 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері 1,7 млрд теңгеге 500 астам жоба қолдау тапты. Өңірлік бизнес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысады. Ағымдағы жылы 9,2 млрд теңгеге 47 жоба қаржыландырылды.  


Жалпы, түрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында шамамен 17 мың, оның ішінде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.