18.06.2021 _ 10:30

Күрделі климаттық жағдайға қарамастан, ауыл шаруашылығы дамып келеді – М.Досмұхамбетов

Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласында 26 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Күрделі климаттық жағдайға қарамастан осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
иллюстративное фото с сайта freepik.com


Саланы қолдау жұмыстары жалғасады. Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін қаражат бөлінеді. Биыл осы мақсатқа 3,1 млрд теңге қарастырылды.

 
«Тұщы су тапшылығына қарамастан, ірі қара мал басы 4%-ға, жылқы 9,5%-ға, түйе 3%-ға, қой мен ешкі 2%-ға артты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі Өңірде 1,1 млрд теңгенің үстінде тауарлық-қаржылық тұрақтандыру қоры қалыптастырылды. Соның шеңберінде 755 млн теңге мөлшерінде айналым қоры құрылып, өңірдегі ірі сауда желісімен келісім жасалды. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрі нарықтан 10-15% төмен бағамен сатылуда», - деді облыс әкімі. 


Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау үшін кәсіпкерлер, тауар өндірушілер сондай-ақ ірі сауда орындары арасында 200-ден астам меморандум жасалды.