18.06.2021 _ 10:10

Биыл 5 айда 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – Атырау облысының әкімі

Ағымдағы жылдың 5 айында 291 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2 145 пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
иллюстративное фото с сайта 24.kz

 
«Бюджет қаражаты есебінен 3 164 пәтерлік 51 тұрғын үй салынуда. Олардың 25-ін жыл аяғына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Биыл инженерлік коммуникациялар салуға 12,6 млрд теңге бөлінді. 2 747 жер учаскесінде 27 жоба жүзеге асырылады», - деді Атырау облысының әкімі.