11.06.2021 _ 09:50

ІІМ: учаскелік инспекторлар тұрғындармен 7,5 мың чатта бар

ІІМ халықпен қарым-қатынас әдістерін өзгертеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Бүгінде учаскелік инспекторлар заманауи коммуникациялар есебінен ПИК, мүлік иелері бірлестігі және белсенді тұрғындардың 7,5 мың чатында бар. Бұл қызметтің қызметкерлері әлеуметтік желілерде де тіркелген.


Сонымен қатар, фотосуреттер мен байланыстар, учаскелік пункттердің мекен жайлары кіреберістерде, үйлердің лифттерінде және қоғамдық орындарда орналасқан.


«Мұның барлығы учаскелік полиция инспекторларына тәулік бойы халықпен тығыз байланыста болуға, өз учаскесіндегі жағдайды бақылауға және құқық бұзушылық туралы дабылдарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ІІМ басшысы.