07.06.2021 _ 12:20

Көміртегі салығы - экономикадағы экологиялық тәртіпті жандандыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржы құралдарының бірі – БҰҰ ДБ

БҰҰ, БҰҰ ДБ және ЮНЕПС Қазақстан билігімен ЕО-ға көміртегі салығын енгізу бойынша өзара іс-қимыл жасай ма? Консультациялар немесе бірлескен зерттеулер жүргізіліп жатыр ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер эко-сарапшылардан осы жайлы сұрады.
Көміртегі салығы - экономикадағы экологиялық тәртіпті жандандыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржы құралдарының бірі – БҰҰ ДБ

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің айтуынша, бұл - ЕО мен Қазақстан үкіметінің тікелей өзара іс-қимылы. БҰҰ ДБ бұл мәселеге тікелей қатыспайды. Бірақ, Якуп Бериш алмасуға болатын тәжірибе бар екенін атап өтті.


Ең бастысы, мұның экономика үшін нені білдіретінін түсініп, тираждау жағдайындағыдай оның Қазақстан үшін қалай пайдалы болатынына мысал келтіру керек.


«Көміртегі салығы енгізілсе, бұл экономикадағы экологиялық тәртіпті жандандыруға мүмкіндік беретін ауқымды қаржылық құралдардың бірі, біз оны осы тұрғыдан қарастырып отырмыз. Салық экономикаға зиян келтірмей, көмекші құрал болуы үшін барлық тетіктерді қарастыру қажет. Нақты неге салық салынатынын түсінуіміз керек. Қоршаған ортаны ластағаны үшін шығынды көтеретін ластағыштарға ма? Деңгейді және қандай шараларды енгізу қажет екенін талдау керек. Бұл тез жүретін процесс емес... Менің ойымша, мұның барлығы экономикаға төмен көміртекті инвестициялар бойынша ынталандырумен қатар жүруі тиіс. Мұны жаза ретінде қарастыруға болмайды. Егер қатаң реттеумен қатар дұрыс ынталандыру болса, экологиялық таза экономикалық қызметке инвестициялау 2030 жылға қарай нөлдік шығарындылары бар таза экономикаға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді сарапшы өз пікірімен бөлісе отырып.