04.06.2021 _ 16:20

Ақпараттық жүйелерді біріктіретін цифрлық жоба әзірленді - ӘМ

Мемлекеттік орган қызметін цифрландыру мемлекеттік басқарудың сервистік үлгісі индикаторларының бірі болып табылады. Әділет министрлігі осы бағытта қандай шаралар қабылдап жатыр? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте модератордың осы сұрақтарына ведомство басшысы Марат Бекетаев жауап берді.
Ақпараттық жүйелерді біріктіретін цифрлық жоба әзірленді - ӘМ


Оның айтуынша, барлық ақпараттық жүйелерді біріктіретін цифрлық жоба әзірленді. Сондай-ақ, «Е-апостиль» және «Е-заңнама» жүйесін дамыту жұмыстары қолға алынды. Жақын арада «Е-сараптама» ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, министр жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне тоқталды. 


«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қоғамдық қатынастың жаңа үлгісін енізеді. Бұл кодекстің негізгі ең маңызды жаңашылдықтарының бірі - мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы дауларды ерте кезінде, сотқа дейінгі кезеңде шешудің жаңа мүмкіндігі», - деді М.Бекетаев.