03.06.2021 _ 12:40

«COVID-сіз саяхат». Қосымша келесі аптада қазақстандықтар үшін қолжетімді болады-ЦДИАӨМ басшысы

QazVac электрондық паспорты қандай болады және цифрлық ведомство оны екпе салдырғандардың халықаралық деректер базасымен қалай біріктіреді? Жұмыс бірнеше кезеңге бөлінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.
«COVID-сіз саяхат». Қосымша келесі аптада қазақстандықтар үшін қолжетімді болады-ЦДИАӨМ басшысы

Біріншіден, ЕАЭО аумағында саяхаттарды қолайлы ету үшін «COVID-сіз саяхат» қосымшасы іске қосылды. Қазақстан базаны біріктірген елдер қатарында. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыс жандандырылды және келесі аптада қазақстандықтар қосымшаны жүктеп, пайдалана алады.


Екіншіден, вакцинация паспорты электрондық үкіметтің мобильді платформасында орналастырылған. Елшіліктердің немесе басқа ведомстволардың өтініші бойынша құжатты емханаларда басып шығаруға болады.


«Мәселе халықаралық деңгейде қалай шешіледі? ИАТА деген қызмет бар - халықаралық әуе тасымалын реттейтін халықаралық Әуе көлігі қауымдастығы - олар мұны қалай шешуге болатынын шешеді. Шешім қабылданған соң, белгілі бір стандарт болады, біз оған сәйкес келеміз. Ал ішкі нормативтік-құқықтық актілер реттелген, сондықтан ел ішіндегі «eGov Mobile» -дағы барлық ақпарат жарамды», - деді Мусин.