02.06.2021 _ 10:40

2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 5,8% - ға өседі деп күтілуде

Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің өсімін 2025 жылға қарай 1,5 есеге жеткізуді тапсырды, бұл саладағы жыл сайынғы өсім номиналды түрде орта есеппен 10%-ға артады. 2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі (НКИ) 2020 жылға шаққанда 5,8% -ға өседі деп күтілуде. Биыл қара металлургияда НКИ 105% деңгейінде белгіленген. Ферроқорытпа өндірісі 10,5% - ға, болат өндірісі 17% - ға және прокат өндірісі 19% - ға артады деп күтілуде. ИИДМ АрселорМиталл Теміртау мен Қазхромға үміт артып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейінгі жоспарлармен бөлісті.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Биыл Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында қосымша 6 жоба іске қосылады. Бұл жобалар ферроқорытпалар, құрылыс арматуралары, болат дәнекерленген құбырлар және басқа да металл өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Түсті металлургия бойынша 2021 жылға жоспарлы көрсеткіш 104% деңгейінде белгіленген. Мырыш өндіру көлемі 18% - ға, қорғасын 18% - ға, мыс концентраты 9% - ға, алюминий 6% - ға ұлғайтылады», - деп түйіндеді Атамқұлов.


Айта кетейік, жыл соңына дейін өндірістің қосымша көлемі Жәйрем КБК, Ақтоғай 2 Қазминералс және Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнының, сондай-ақ алтын шығару фабрикасының іске қосылуын қамтамасыз етеді.