27.05.2021 _ 14:45

ТЖМ су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді

Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, ТЖ Министрлігі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ағымдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша алдын ала жұмыстар бастады және ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады. Ел бойынша комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша шомылуға рұқсат берілген 469 орын белгіленді, оның ішінде 118-і коммуналдық, 275-і жеке жағажайлар.

 «Қазақстанда 50 мыңнан астам су айдыны бар, ТЖМ құтқару бөлімшелері сол су айдындарының 125 бөлігінде жұмыс істейді, онда қызметтің күшейтілген түрде 493 құтқарушы күнделікті қызмет атқаруда. Ағымдағы жылы су акваторияларын қамтуды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымының басталуына қарай тағы да қосымша 48 жылжымалы құтқару бекеті қойылады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп, министрліктің жедел құтқару жасақтары (250 құтқарушы-жасақ) да даярланды», - деді Комитет төрағасы.


Барлығы қосымша 172 бекет құру жоспарланған. Ал суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін өңірлерде 97 медициналық бекет дайындалды. Қалалық жағажайларда суға түсуге арналған қауіпсіз балалар жағажайлары ашылады. Ол жерде құтқарушылар мен жасақ құтқарушылар балаларды жүзуге үйретеді.