26.05.2021 _ 15:50

«Балапан» телеарнасының базасында ерекше қажеттіліктері бар балалар анимация дағдыларына оқып, Жапония мен Оңтүстік Корея кәсіпқойларының басшылығымен мамандық алу мүмкіндігіне ие болды

Халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Балапан» балалар телеарнасы жанынан ашылған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебінің қызметі туралы толығырақ баяндады.
«Балапан» телеарнасының базасында ерекше қажеттіліктері бар балалар анимация дағдыларына оқып, Жапония мен Оңтүстік Корея кәсіпқойларының басшылығымен мамандық алу мүмкіндігіне ие болды

Министрдің айтуынша, бұл өте ерекше жоба. Бүгін 14-16 жас аралығындағы 30 бала оқуын бастады. Анимация негіздерін меңгеретін балаларға Жапония мен Оңтүстік Корея шеберлері кәсіби сабақтар өткізеді. Олар анимация саласында алған дағдылары мен білімдерінен басқа, жеке мамандық алуға және осы бағыттарда кәсіби түрде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болалады.


«Бұл ұзақ мерзімді жоба болады. Сондай-ақ ол өз контентін шығарып отырған «Балапан» телеарнасының мамандарын оқытуға мүмкіндік береді, бұл анимация саласында сапалы контент жасауға ықпал етеді», - деп атап өтті А.Балаева.