25.05.2021 _ 16:20

БҚО-да жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысы аяқталады

2021 жылы кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында 324 пәтер, ауылдық жерлерде 139 пәтер салу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

«Оның ішінде жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 1042 пәтер салу жоспарланған. Сондай-ақ, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін мақсатты бағдарлама бойынша 120 пәтердің құрылысы басталады. Биыл 10 мектептің құрылысы, оның ішінде 2-і жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде. Жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысын аяқтаймыз», - деді Есқалиев.


2020 жылы 3 мектептің құрылысы аяқталды (Орал қаласында 450 орындық ГЭБ, 900 орындық №51, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық).  Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 7-ден 4-ке дейін төмендеп, 1 авариялық мектеп мәселесі шешілді.