20.05.2021 _ 11:50

Анықталған бұзушылықтардың үштен бірін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері құрайды

2020 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 мыңнан аса тексеру жүргізді, солардың барысында 7 260 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 5 мыңнан артық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2 096. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЕХӘҚ министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осындай мәліметтерді жария етті.
Анықталған бұзушылықтардың үштен бірін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері құрайды фото с сайта freepik.com

«Еңбекті қорғауға байланысты заңнаманың негізгі бұзушылықтары жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеуден (20,6%), қауіпсіз еңбек тәсілдеріне үйретпеуден (12,1%), жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеуден (6,1%), еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе жауапты адамның болмауынан (1,5%) көрінді. Жұмыс берушілерге 2,5 артық ұйғарым беріліп, 182,2 млн теңге сомасына айыппұл салынды», – деді Оспанқұлов. 


2020 жылы республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1,5 адам зардап шекті. Өндірісте 208 адам қайтыс болды, мұндай жағдайлар 15,5%-ға артқан.


Өңірлер бөлінісінде жарақаттың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында болып отыр.