19.05.2021 _ 14:10

МСМ: шығармашылық үйірмеге қабылдануға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке тұруға электрондық өтініш береді

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру оператордың, яғни жергілікті атқарушы органның тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші операторға цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бекітілген Қағидалардағы нысан бойынша өтініш береді.
МСМ: шығармашылық үйірмеге қабылдануға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке тұруға электрондық өтініш береді иллюстративное фото с сайта freepik.com

«Өтініш беру оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді. Оператор ақпараттық жүйе арқылы баланың заңды өкіліне шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, бос орындарды балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөледі. Шығармашылық үйірмеге қабылдануға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке тұруға электрондық өтініш береді. Оператор шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегін электронды түрде ақпараттық жүйеде жүргізеді», - деді Н.Дәуешев.


Оның айтуынша, кезек өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесіне жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Орындарды бөлу және ваучерлерді беру күн сайын ақпараттық жүйемен автоматты түрде жүзеге асырылады.