07.04.2021 _ 15:55

Әр облыста және республикалық маңызы бар қалада дәрілік препараттар қоры жасақталған - А.Цой

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті мөлшері қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Әр облыста және республикалық маңызы бар қалада дәрілік препараттар қоры жасақталған - А.Цой фото с сайта kt.kz


Оның айтуынша, ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, «СК-Фармация» қоймаларында және дәріханаларда – екі айлық қоры қалыптастырылған. Сонымен қатар, әр өңірде 18 млрд теңгеге тұрақтандыру қорлары құрылды.


Сондай-ақ, Алексей Цой ауруханалар мен дәріханаларға жүктемені төмендету мақсатында тамыз айынан бастап 1 млн пациентке қоры бар амбулаториялық деңгейде КВИ емдеу үшін дәрілердің 5 түрі тегін беріліп жатқанын еске салды.


«Сіздердің тапсырмаларыңызбен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесе отырып жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 232 антиковидті препараттың құны орта есеппен 27%-ға төмендеді. Медициналық маскалар еркін сатылымда орта есеппен 20 теңгеден сатылады, қоймаларда 21,5 млн дана көлемінде жеткілікті қор қалыптастырылған.», - деді А.Цой.


Өз баяндамасында спикер медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілгенін, өңірлердің әкімдіктері 3 айлық қор қалыптастырғанын атап өтті.


Анықтама үшін: медициналық ұйымдарда 176 мың дана көп рет қолданылатын ЖҚҚ (өңдеуден кейін қайта пайдаланылады), бір рет қолданылатын ЖҚҚ – 1,4 млн дана бар, «СК-Фармация» ЖШС қоймаларына 2021 жылдан бастап 494 мың ЖҚҚ жеткізілді, Хабтарда резерв ретінде 200 мың бірлік сақталған.