21.11.2018 _ 05:42

Баянауыл курорттық аймағы Туристік картаның басымдықты жобаларының үздік ондығына енгізілді

Соңғы 2 жылдың ішінде курорттық аймақты дамытуға 20 миллиард теңгеге  жуық қаржы құйылған, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі

Соңғы 2 жылдың ішінде курорттық аймақты дамытуға 20 миллиард теңгеге  жуық қаржы құйылған, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі

«Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің жағажайлары абаттандырылды, автожолдар жөндеуден өтті, ұзындығы 1200 метр ұшу-қону жолағы бар кіші авиация аэродромы және 2 вертолет алаңы салынды. Баянауыл ауылында су құбырын тарту жұмыстары аяқталып жатыр. Келесі жылы Жасыбай көліне дейін электр сымдары желісін, сумен қамту құбырларын тарту жұмыстары жоспарланып отыр», -  деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Айта кетсек, қазіргі кезде Баянауылда жыл сайын 200 мыңға жуық туристер демалады. Баянауылда жыл бойына демалу үшін Мырзашоқы тауының беткейінде тау-шаңғы кешені іске қосылмақ. Ал қазіргі таңда ұзындығы бір километр арқан  жолы  жұмыс істеп тұр.