15.11.2021 _ 16:56

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА! АККРЕДИТАЦИЯ-2022

Орталық коммуникациялар қызметі 2022 жылға тұрақты аккредиттеу және баспасөз карталарын беру үшін БАҚ өкілдерінің пулын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.
ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА! АККРЕДИТАЦИЯ-2022 ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА! АККРЕДИТАЦИЯ-2022 ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА! АККРЕДИТАЦИЯ-2022

Аккредиттеуден өту үшін келесі құжаттарды жолдау қажет:

  • бекітілген қосымшаға сәйкес аккредиттеуге арналған журналисттердің, үйлестірушілердің, теле-, радиооператорлардың деректері;
  • аккредиттелетін журналистің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • БАҚ немесе телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган берген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін, не теле - радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің көшірмесі.

Деректер sck.astana@gmail.com электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми хатымен 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін қабылданады.

*Егер өтініш БАҚ редакциясының өкілінен берілсе, өтінішке журналисті аккредиттеу рәсімін жүргізуге БАҚ иесінің сенімхаты қоса беріледі. (Журналистерді аккредиттеу қағидасының 6-тармағы);

*БАҚ меншік иесі немесе БАҚ меншік иесі редакциясы аккредиттелген журналисті басқа журналистпен ауыстырған жағдайда, оны аккредиттеу Қағидада қарастырылған тәртіпте жүргізіледі. (Журналистерді аккредиттеу қағидасының 6-тармағы).