15.11.2019 _ 09:00

Junior Eurovision 2019 байқауының ақтық мәресі туралы

 Junior Eurovision 2019  байқауының ақтық мәресі туралы  Junior Eurovision 2019  байқауының ақтық мәресі туралы

Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 15 қараша күні, сағат 14:20-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 24 қарашада Польшаның Гливицие қаласында өтетін Junior Eurovision 2019 («Балалар Евровидениесі») байқауының ақтық мәресіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР: «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы - Ерлан БЕКХОЖИН, «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Ринат КЕРТАЕВ,«Балалар Евровидениесі» байқауында Қазақстанды таныстыратын өкіл - Ержан МАКСИМ, Ержан Максимнің анасы - Гүлмира ӘЛІБЕК.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 15 қараша күні сағат 12:00-ге дейін хабарласуға болады.