16.06.2022 _ 10:50

Айтылды-Орындалды: Барлық транзакциялар мен қаражатты елден негізсіз алып шығатын тұлғаларды нақты бақылауды, тексеруді және бақылауды қамтамасыз ету туралы Президенттің тапсырмасының орындалуы туралы

Айтылды: «Барлық транзакциялар мен қаражатты елден негізсіз алып шығатын тұлғаларды нақты бақылауды, тексеруді және бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын.» Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі

Орындалды:

2022 жылғы 18 мамырда «Атамекен» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында Қазақстан Республикасы азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде тосқауыл қойылды.

2022 жылдың 6 мауысымында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында жолаушылар терминалында Тәжікстан Республикасының азаматынан жолаушылар кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды.

2022 жылғы 12 маусымда «Шымкент-Кутаиси» халықаралық әуе рейсінде «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан Республикасының А. есімді азаматы анықталып, тоқтатылды.

 


Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 545-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалды.